БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

ЖШС «Сабина» бөбекжай-бақшасы  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүлкібас  ауданының    ЖШС «Сабина»  бөбекжай-бақшасы   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы)Түркістан облысы. Түлкібас  ауданы. Ынтымақ ауылы Сейддулла көшесі № 1
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) 
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Шеріп Айнұр Пердебекқызы бақша құрылтайшысының  2015 жылғы 02 желтоқсанда  №01 бұйрығымен меңгеруші болып тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 24.08.2023 ж                             БСН 150940003125
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы Мемлекеттік лицензия 06.02.2025жыл                          № KZ64RVK00063064 хабарлама берілген.  
7Құрылған жылы2015жыл
8Типтік ғимаратБір қабатты типтік үлгіде
9Топтар саны4 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым; II ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенОртаңғы топ- күні бойы Ересек топ – күні  бойы Мекталды даярлық тобы-күні бойы
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 100 балаға арналған. 26.10.2015 жылы 10.09.2024 жылы № КZ68RYS00766999 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты  1 қабатты типтік жобада  заман талабына сай салынған. Балабақша 100 орындық, 4 топ жұмыс жасайды. Әр топ 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 7.30-бастап 18.00 сағатқа дейін. Төрт  топ жұмыс жасайды. «Ботақан» ортаңғы топ; «Балақай», «Аружан» ересек топтар; «Әсем-ай» мекткаалды даярлық топ. Мемлекеттік   тілде тәрбиеленуде.

          Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, психолог кабинеті, мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері  автономды. Су орталықтандырылған .Бақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. 

         Бөбекжай-бақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  толық жабдықталған.   

Бақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш  т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында әр топтың ауласы бөлек ,  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті;

— Әдістемелік кабинет;

— Психолог кабинеті

— Теледидар – 5 дана;

— Компьютер – 1 дана;

— Ноутбук — 1 дана;

— Принтер – 2 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы»,  дамытушы   дағдылар  бойынша  орталықтар жасақталған.